Қылмыстық топтың жетекшісі Қоспаевқа тиесілі қымбат көлік сатылымға қойылды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Электронды сауда сайтында Елдос Қоспаевқа тиесілі Range Rover сатылымға қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бағалау есебіне сәйкес, 2021 жылғы көліктің құны 61 млн теңге. Автокөліктің кузовы мен салоны жақсы жағдайда, жол талғамайтын көлік жарамды күйде. Бірақ оның мемлекеттік нөмірі мен оталдыру кілті жоқ.

Құжаттарда бұл көліктің Қоспаев ҰҚТ-сының жетекшісі Елдос Қоспаевқа тиесілі екені көрсетілген.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобының ісі қаралған болатын. Болат Назарбаевтың "бас көмекшісінен" басқа сотталушылар орындығында 11 адам болды. Олар алаяқтық және ұйымдасқан қылмыстық топқа жетекшілік еткені үшін айыпталған. Олар ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлерді қорқытып, рейдерлік жасап, көлеңкелі бизнеспен айналысып келген.

28 қаңтарда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне үкім шығарды.