Алматыға "Реал" келгенде стадион қалай өзгереді

Сырым Қаржас
gov.kz

Алматының Орталық стадионы Чемпиондар лигасының басталуына орай жаңартылады,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Арена УЕФА-ның төртінші санатына ие, бұл деңгей Чемпиондар лигасы мен өзге де еурокубоктардың жартылай финалына дейінгі матчтарды өткізуге мүмкіндік береді, деп жазды Kazinform.

Қажетті талаптарға алаң, жарық беру жүйесі, киім ауыстыратын бөлмелер, командалар мен төрешілерге арналған аймақтар сай келеді. Дегенмен кейбір кемшіліктер де бар. Алматының спорт нысандары дирекциясы стадионда сынып қалған орындықтар мен ескірген әжетханаларды атап өтті.

ПІКІР

– Матчтардан кейін орындықтардың едәуір бөлігі бүлініп қалады. Сондықтан олар тұрақты түрде тексеріліп, ауыстырылып отырады. Қазір бұл мәселе қатаң бақылауда – орындықтар жаңартылып, қалпына келтіріліп жатыр, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұрын санитарлық тораптарға (дәретханаларға) жеңіл жөндеу жасалса, қазір кешенді жөндеу басталды, – делінген хабарламада.

КОНТЕКСТ

Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» Алматының Орталық стадионында мына қарсыластарды қабылдайды: «Реал» – 30 қыркүйекте, «Пафос» – 21 қазанда, «Олимпиакос» – 9 желтоқсанда және «Брюгге» – 21 қаңтарда.