Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күрт суытады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынаша, 7-8 қыркүйекте елдің солтүстігінде, ал 8 қыркүйекте орталық пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Кей жерлерде нөсер жауын-шашын, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанып отыр.

ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ФОН:

  • Солтүстік-батыс: түнде +8…+16 °C, күндіз +15…+25 °C.
  • Солтүстік: түнде +8…+15 °C, күндіз +13…+20 °C.
  • Орталық: түнде +7…+18 °C, күндіз +15…+23 °C.
  • Оңтүстік: түнде +12…+20 °C, күндіз +22…+30 °C.
  • Шығыс: түнде +5…+15 °C, күндіз +20…+28 °C.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтқан еді.