Қаңтар оқиғаларын тергеу үшін 68 сот сарапшысынан тұратын резерв құрылды

Ulysmedia

Қазақстанда тәртіпсіздіктер мен тонау жағдайларын тергеу аясында жұмыс істейтін 68 сот сарапшысынан тұратын резерв құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

Сараптаманы 19 жергілікті және басқа өңірлерден іссапарға жіберілген 14 маман жүргізіп жатыр. Осылайша, сот сарапшыларының жүктемесі қалыпты шегінде, қағазбастылыққа салыну және жұмыс мерзімін кешіктіру жағдайлары жоқ. Жалпы, Алматы қаласында 5 бағыт бойынша, атап айтсақ, құрылыс, тауартану, өрт техникалық, баллистикалық және экономикалық.сараптамалар жүргізілуде.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша жедел тергеу мақсатында Әділет министрлігі 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрды, олардың көпшілігі экономикалық сараптамаға маманданған. 2021 жылғы 31 қаңтардан бастап резервтегі мамандардың бір бөлігі өңірге жіберіледі. Қалғандары тиісті органдардың сот сараптамасын тағайындауына қарай жұмысқа тартылатын болады. Үкіметтің Баспасөз қызметі осындай сараптамалық жұмыстар Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында да жүргізіліп жатқанын атап өтті.