"ҚазАзотқа" ауаны ластағаны үшін қыруар айыппұл салынды

Сырым Қаржас
Фото: ҚазАзот

“ҚазАзот” ауаны ластағаны үшін 8,5 млн теңгеге айыппұл төледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тексеру барысында “МАЭК” ЖШС-нің жылу электр станциясындағы технологиялық ақаулар мен энергия блоктарының апаттық ажыратылуына байланысты ауаны ластаушы заттардың қысқа мерзімді апаттық шығарындылары тіркелді, деп жазады Lada.kz.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын кінәлі деп танылып, 8 552 901 теңге көлемінде айыппұл салынды. Экология департаменті табиғат қорғау нормаларының орындалуын қадағалауды және қоршаған ортаға кері әсерді азайту шараларын қабылдауды жалғастыратынын атап өтті.

КОНТЕКСТ

2025 жылдың шілдесінде “ҚазАзот” зауытында қатарынан екі оқиға болды. Алғашқысына қатысты компанияның PR-менеджерлері дереу мәлімдеме жасап, ол кәсіпорынның кінәсінен емес екенін алға тартты. Ал екінші оқиғаға байланысты әкімдік те, Маңғыстау облысы экология департаменті де пікір білдірді, тек “ҚазАзот” менеджерлері ғана үнсіз қалды. Тергеудің алдын ала нұсқасы – “еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу”.