Боранбаев Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақты жалға алмақ

Есдәулет Қызырбекұлы
Фото: 2gis

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақты жалға алмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саябақ жобасы туралы

Боранбаевтың сөзінше, қазіргі кезде саябақ аумағында біраз құқықтық мәселе бар.

- Онда бірнеше жер телімі бұрын жеке адамдарға өтіп кеткен екен. Қазір сол учаскелерді қала қайта өз меншігіне қайтаруы керек. Содан кейін біз жобалауды бастаймыз. Барлығы қаламен келісіліп жүргізіледі, – деді ол.

Кәсіпкер саябақтың ешқандай жабық нысанға айналмайтынын, ол ашық түрде қала тұрғындарына қолжетімді болатынын айтады.

- Бұл жерде жазғы реставрацияларымызды өткіземіз. Әртүрлі іс-шаралар – суретшілермен, сыншылармен кездесулер ұйымдастырылады, – деді Боранбаев.

Мерзімдер мен жер телімдері

Жобаның нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз.

- Қазір айту қиын. Себебі қала әкімдігі бұл жайтты білмеген. Біз топография жасаған кезде үш жер телімі жеке меншікте екені анықталды. Енді оларды мемлекетке қайтару мәселесі шешіліп жатыр, – деді кәсіпкер.

Боранбаевтың айтуынша, саябақ аумағының басым бөлігі мемлекетке тиесілі, тек үш шағын бөлігі ғана жеке адамдардың қолына өткен.

- Бұл жерлердің иелері кім екені жөнінде мен білмеймін. Ол туралы қаладан сұраған дұрыс, – деді ол.