Екатеринбургтен Антальяға ұшқан AZUR air әуе компаниясының ZF-839 рейсі техникалық себеппен Атырау әуежайына қонды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
РИА Новости таратқан ақпаратқа сәйкес, қону сәті штаттық режимде және қауіпсіз өткен. Жолаушылардың өміріне ешқандай қауіп төнбеген.
Әуе компаниясының мәліметінше, Антальяға одан әрі ұшуды қамтамасыз ету үшін Мәскеуден резервтік әуе кемесі жіберілген. Оның ұшып шығуы Мәскеу уақытымен 11:30-ға жоспарланған.
Қазіргі уақытта 300-ден аса жолаушы Атырау әуежайының терминалында уақытша орналастырылған. Оларға авиациялық ережелерге сәйкес салқындатылған сусындар мен ыстық тамақ берілуде. Компания жолаушыларға резервтік борттың Түркияға қашан ұшатыны туралы қосымша хабарлайтынын атап өтті.
КОНТЕКСТ
“Ақ Жайық” басылымының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Бұған дейін Антальядан ұшып шыққан тағы бір ұшақ Астанада қона алмай, Алматыға мәжбүрлі түрде қонған еді.