Қандай жағдайда ипотека төлеуді тоқтата тұруға болады?

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Сарапшылар қазақстандықтар ипотека бойынша қандай жағдайларда мерзімін шегере алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Заңға сәйкес, шегеру туралы өтінішті қарыз төлемі кешіктірілген күннен бастап 30 күн ішінде беру керек. Бірақ сот шешімі болмаған жағдайда өтінішті кейін де қабылдауы мүмкін, деп жазады kn.kz. Дегенмен қарыз алушы өтінішті қаншалықты ерте берсе, банктің оң шешім қабылдау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

СЕБЕПТЕР

  • табыстың азаюы,

  • жұмыстан айырылу,

  • мүгедектік алу,

  • ауыр дерт не жарақат салдарынан ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздық парағында болу,

  • шұғыл ота,

  • декреттік демалысқа шығу,

  • форс-мажор (тонау, өрт, су тасқыны және т.б.),

  • асырауындағы адамдар санының көбеюі (мысалы, баланың дүниеге келуі),

  • өзге де себептер.

Бұл ретте қарыз алушы банкке құжаттық дәлел ұсынуы тиіс. Мәселен, жұмыстан босату немесе қысқарту туралы бұйрық, медициналық анықтамалар, баланың туу туралы куәлігі және т.б.

ҚАРАСТЫРУ

Шегеру туралы өтініштер жеке тәртіпте қаралады. Мұнда кешіктіру себептері мен қарыз алушының несие тарихы маңызды. Автоматты түрде шегерім берілетін жағдайлар да бар. Мысалы, Қарулы күштерде қызмет ететіндерге. 2024 жылдан бастап олар қызмет ету мерзімінде және демобилизациядан кейінгі 60 күн ішінде төлемнен босатылады, әрі бұл кезеңде пайыздар мен айыппұлдар есептелмейді.

АЙТА КЕТЕЙІК

Төлемдерді шегеру – бұл қарыз алушыны белгілі бір уақытқа несие төлеуден уақытша босату. Бұл қарыз кешіріледі дегенді білдірмейді, тек кейінге қалдырылады. Банктер жіберілген төлемдерді өтеу үшін несиенің мерзімін ұзартуы немесе ай сайынғы төлемдерді ұлғайтуы мүмкін.

Бұл ипотекалық қарыз ауыртпалығын азайтуы мүмкін. Нұсқаларға пайыздық мөлшерлемені өзгерту, қарыз мерзімін ұзарту, төлем кестесін түзету және төлемдерді шегеру кіреді. Несие беруші өтінішке 15 күн ішінде жауап беруі тиіс.

МАҢЫЗДЫ

Шегеру ипотека бойынша сыйақы (пайыз) есептеуді тоқтатпайды. Шегеру неғұрлым ұзақ болса, соңғы артық төлем соғұрлым жоғары болады.