Бас прокуратура Google деректер базасын бұзу және Gmail қолданушыларының деректерінің таралуына байланысты киберқатер анықталғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
ShinyHunters атты хакерлік топ 2,5 миллиардқа жуық Gmail аккаунтына қатысты байланыс деректеріне және компания атауларына қол жеткізген. Дегенмен, парольдердің ұрланбағанын прокуратура нақтылады.
Қаскөйлер Google қызметкерін алдап, өзін IT-қолдау маманы ретінде таныстырып, оны зиянды Salesforce Data Loader қосымшасына рұқсат беруге көндірген. Осыдан кейін олар жүйеге кіріп, компания атынан фишингтік және жалған қоңырау шабуылдарын жасау мүмкіндігіне ие болған.
Пайдаланушылардың айтуынша, алаяқтар 650 кодымен басталатын нөмірлерден қоңырау шалып, Gmail құпиясөзін қалпына келтіруді талап етіп, есепке кіру деректерін және кодтарды алдап алмақ болған.
ҰСЫНЫСТАР
Құпиясөздеріңізді тез арада ауыстырыңыз, әсіресе қарапайым немесе бірнеше жерде қайталанатындарын.
Қос факторлы аутентификацияны қосыңыз немесе биометрия, PIN сияқты заманауи әдістерді қолданыңыз.
«Google атынан» келген қоңыраулар мен хаттарға сенбеңіз — 10 жағдайдың 9-ында бұл алаяқтар болады.
Аккаунтқа қолжетімділікті шектеңіз және қосылған қосымшаларды бақылап отырыңыз.