Абаев Қазақстандағы екі АЭС бойынша келісімдер жайлы айтты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның Ресейдегі елшісі елде екінші және үшінші АЭС салу жөнінде келіссөздер жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан тағы екі атом электр станциясын салу бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Даурен Абаев мәлімдеді.

– Шамамен екі апта бұрын Алматы облысында АЭС құрылысына ресми түрде бастау берілді. Екінші және үшіншісін салу қажеттігі бірнеше рет айтылды. Жалпы, алдын ала келісімдер бар, – деді ол ТАСС агенттігіне берген сұқбатында.

Абаев қай елдермен келісім жасалғанын нақтыламады.

КОНТЕКСТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанда тағы екі АЭС салу қажеттігін атап өткен болатын. Сондай-ақ ол Қытай Халық Республикасымен атом саласында стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеген еді.