Шымбұлақтағы арқанжолда ондаған турист тұрып қалған

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Курорт әкімшілігі оқиға хронологиясын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін, 10 қыркүйекте, «Шымбұлақ» тау курортында «Комби-2» арқанжолы тоқтап қалды. Кабиналарда қызметтік қажеттілікпен көтеріліп бара жатқан РОСО-ның 8 құтқарушысы және 20 турист болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ХРОНОЛОГИЯ

Сағат 12:26-да тоқтау туралы ақпарат түсті, қалпына келтіру жұмыстары басталды. 12:48-де қонақтарды түсіру үшін арқанжол резервтік қозғалтқышқа ауыстырылды. Тік эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданды. Қонақтарға ыстық сусындар мен жылы орындар ұсынылды. Эвакуация 14:54-те аяқталып, барлығы орта станцияға жеткізілді, одан әрі базалық станцияға түсті. Курорт қонақтарының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Курорттың техникалық мамандары арқанжолдың тұрақты жұмысын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

- Түсіністік, шыдамдылық және сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз, – делінген “Шымбұлақ” әкімшілігінің хабарламасында.