Қазақстан "жаңа мұнайға" назар аударуы керек - қоғам белсендісі

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан әлемге қажетті шешімдер жасайтын елге айнала алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін ерекше жағдай қалыптасты: жасанды интеллект саласында абсолютті және толық үстемдік жүргізіп отырған көшбасшы жоқ. АҚШ, Қытай және басқа елдер — әрқайсысы жеке бағытта мықты, бірақ ешкім монополияны ұстап тұрған жоқ. Қоғам қайраткері Александр Данилов мұны Қазақстанға өзін танытуға тамаша мүмкіндік деп санайды.

- Ендігі мәселе – үкімет пен бизнестің оны пайдалануға шешімі мен кәсібилігі жетер-жетпесінде. Бұл біздің «ұлттық стартап», сондықтан оған да сондай көзқарас қажет. Шын мәнінде, бұл біздің болашақтағы дамудың және табыстың «жаңа мұнайы» туралы сөз болып отыр. Бірақ бір нәрсені түсіну маңызды: жасанды интеллект күмәнданғандарды күтпейді. Мұнда жеңетін – абайлап отырған емес, тез қимылдағандар. Әлем қазірдің өзінде жаңа «ғарыштық жарыста» – жасанды интеллект жарысында тұр, – дейді Данилов.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін президент Тоқаев жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құрып, оны вице-премьер деңгейіндегі басшыға тапсыруды ұсынған болатын.