Депутаттардың жалақысына қанша миллиард жұмсалады?

Сырым Қаржас
Фото: Мәжіліс

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Қазақстан парламентіне жұмсалатын шығындарға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол мәжілісте 98 депутат, сенатта 50 депутат барын еске салды.

- Егер референдум нәтижесінде парламент бір палаталы болса, ең бірінші сұрақ – қанша депутат болады? Бұл сұраққа қазір нақты жауап бере алмаймын. Мүмкін 120, мүмкін 140. Қазір жалпы саны – 148 депутат. Олардың көмекшілері бар, қосымша шығындары бар, көлік шығыны бар. Бәрі санына байланысты, – деді Бейсенбекұлы.

ПАРЛАМЕНТ

- Жалпы айтайын. Нақты тізіп бере алмаймын. Өйткені мен бюджет бағдарламаларының әкімшісі емеспін. Парламент қызметін қамтамасыз етуге шамамен 7,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл тек депутаттарды қамтамасыз етуге арналған шығын. Сонымен қатар, парламентте саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер бар. Жалпы еңбекақы қоры шамамен 7,8 млрд теңге. Бұл 2026 жылға арналған сома, – деді вице-министр.