Абай облысының Мақаншы ауданында жағалаудың шайылу қаупіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл аумақта ондаған туристік нысан орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Аудан әкімінің орынбасары Әлия Сарбаева төтенше қызметтердің барлығы жоғары дайындық режиміне көшкенін айтты.
Негізгі мақсат — қираудың алдын алу және туристік инфрақұрылымды сақтау.
Билік өкілдерінің мәліметінше, төтенше жағдай режимі жағалаудың шайылу қаупі толық жойылғанға дейін сақталады.