Талғарда Шерзаттың атына көше беру ұсынылды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Талғарда Шерзат Полаттың атына көше беру ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰСЫНЫС

Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев айтты. Оның сөзінше, бұл ұсынысты өзі жасаған. 

- 16 жасар Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелердің атаулары Менделлев және Русставелли деп аталады. Екеуіде Талғарға , тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалалары емес. Кеңес өкіметін қалып қалған, дейді адвокат. 

Ол бұл ұсынысы туралы Талғар әкіміне де айтқан. 

- Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстан бауырыма Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді. Неге ондай ойға келдім ол жайлы кейінірек түсіндіріп жатармын. Ал сіздер қалай қарайсыздар, қолдайсыздар ма?, дейді Шекеев. 

ҮКІМ ҚАНДАЙ

Еске салайық, 5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесіне нүкте қойылды

Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен:

Абзал Шынасыл 23 жылға, Равиль Сакиев 20 жылға, Шыңғыс Белғожаев 7 жылға, Дархан Әскентай 7 жылға,  Нұрқияс Ілиясов 9 жылға (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда), Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға,  Азамат Тоқтаубаев 15 жылға (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жылға сотталды. 

Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің  434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталып, 27 шілдеде бостандыққа шықты

Ал 19 тамызда Шерзат ісі бойынша апелляциялық соттың шешімі шықты. Сот шешімі бойынша, күдіктілерге шыққан үкім өзгермейтін болды