2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстанның Қылмыстық кодексіне 232-1-бап ресми түрде енгізілді. Бұл бап дропперлікке жауапкершілік қарастырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Дропперлік – банктік шоттарға, төлем құралдары мен сәйкестендіру деректеріне заңсыз қолжетімділікті ұсыну, беру немесе алу, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүддесі үшін сыйақыға заңсыз қаржылық операциялар (аударымдар мен төлемдер) жүргізу әрекеттері деп түсіндіріледі. Мұндай әрекеттер интернет-алаяқтық схемаларының негізгі бөлігі болып табылады және көбіне ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру немесе шетелге шығару үшін қолданылады.
ЖАЗА
Құқықбұзушылықтың сипатына, салдарына және алынған пайда көлеміне байланысты жаза айыппұлдан бастап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға және мүлікті тәркілеуге дейін жетуі мүмкін.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін бас прокуратура Қазақстанда қылмысқа қатысы бар 6 мыңнан астам дроппердің жеке тұлғалары анықталғанын хабарлаған еді.