Кәсіпкерлер палатасын трансформациялау жөніндегі жұмыс тобына 89 адам кірді

Ulysmedia

Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын трансформациялау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

«Бірінші отырысқа 89 адам қатысады. Оның ішінде: 40 адам – салалық қауымдастықтардың басшылары, өкілдері; 36 адам – Өңірлік кеңес мүшелерін қоса алғанда, өңірлік бизнес өкілдері және 13 – сарапшылар, қоғам белсенділері, ҰКП-да аккредиттелмеген қауымдастықтар өкілдері. Бір апта ішінде өңірлік кеңестер мен комитеттер өз алаңдарында отырыстар өткізді, кандидатураларды айқындады және алдағы Съездің күн тәртібіне ұсыныстар дайындады»,- деп хабарлайды баспасөқз қызметі.

Талқылау барысында «Атамекен» қызметін жаңарту жөніндегі жұмыс тобына 17 өңірлік кеңестің әрқайсынан 2 кандидат, 199 қауымдастықтың мүддесіне өкілдік ететін 17 салалық комитеттен 2 кандидаттан кіреді деген шешім шығарылды.

Қазір ҰКП-ны трансформациялау бойынша 360 ұсыныс жиналды. Олар бес негізгі топқа жинақталды: Ұлттық палатаның құрылымы мен функционалы; қауымдастықтарды аккредиттеу рәсімдерін жетілдіру; нормативтік-құқықтық актілерді сараптау; мүшелік жарналар мен ақылы қызметтерді енгізу бойынша ұсыныстар. Сондай-ақ, жұмыс тобына кәсіпкерлерден бизнестің 400-ге жуық проблемасы жолданды. Оларды қарастырғаннан кейін Съезге шығару жоспарланып отыр.