Түркістан облысында деструктивті діни ағымның мүшелерінен қару табылды

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Түркістан облысында деструктивті діни ағымның мүшелерімен заңсыз қару анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Түркістан облысы деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталды.

ҚАРУ

Олардың «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлігінен 9 мм калибрлі бір дана «ТТ» маркалы тапанша және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» маркалы қару табылып, тәркіленді.

Аталған қарулардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды.

САРАПТАМА

Қазіргі таңда бұл қарулардың өзге де қылмыстарда қолданылғанын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, негізгі фигуранттың тұрғылықты мекенжайында ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

ТЕРГЕУ

2 қыркүйекте қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Күдіктілер ұсталды.