Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали алтын медаль үшін күреседі

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Амиран Шавадземен (Грузия) кездесті.

Сұлтанғали белдесу барысында 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Дегенмен белдесудің соңына қарай екі тиімді әдіс қолданып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Қорытынды есеп: 8:2.

Еске салайық, бұған дейін грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Демеу Жадраев ширек финалда жеңіліп қалғанын жазған едік.