22 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Сырым Қаржас
pixabay.com

Синоптиктер 22 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

22 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 22 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 22 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 22 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 22 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

22 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

22 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

22 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі.

22 қыркүйекте Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 22 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі.

22 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 22 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

22 қыркүйекте таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 22 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

22 қыркүйекте таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 22 қыркүйекте солтүстік-шығысытан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

22 қыркүйекте Алматы облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 22 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 17-22 м/с.

Астана қ.: 22 қыркүйекте күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

22-24 қырқүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 22 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 22 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.

22 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.