Тоқаев БҰҰ бас хатшысымен не жайлы сөйлесті?

Сырым Қаржас
Фото: Ақорда

 Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Президенті мен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұйымға алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, орнықты даму ісінде жетекші рөл атқара беруіне белсенді түрде атсалысатынын айтты.

Кездесу аясында мемлекет басшысының және бас хатшының қатысуымен Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі туралы меморандумға қол қойылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін президент Зеленскиймен, Трамппен жеке кездескен болатын.