Ермек Көшербаев сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Айта кетейік, бұған дейін Көшербаев премьер-министрдің орынбасары болған. Ал 2023 жылғы 16 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевты Шығыс Қазақстан облысының әкімі етіп тағайындаған болатын.