Миллиардтар жұтқан Астанадағы LRT іске қосылады

Динара Жарқынбек
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада LRT пойызы келесі аптада жолға шығады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, алғашқы пойыз 29 немесе 30 қыркүйекте «Мәңгілік ел» көпірі бағытына қарай қозғалады.

– Алдағы уақытта пойыздардың жүру уақыты, станциялар саны және пойыздар легі біртіндеп артады. Бір апта ішінде алғашқы сынақ режімінде 1-2 станция аралығында қатынайды. Жалпы тестілеу мерзімі 3 айдан 6 айға дейін жалғасады, – деді қала әкімі.

КОНТЕКСТ

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жобасы 2011 жылы қолға алынған. Алайда қаржы мен құрылысқа қатысты мәселелерге байланысты бірнеше мәрте тоқтап, қоғамда сынға ұшырады. Бастапқы жобада LRT-ның ұзындығы шамамен 22 шақырым болуы тиіс еді. Қазіргі кезеңде алғашқы бағыт «Нұрлы жол» вокзалы мен әуежай арасын қамтиды.