Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінен шығып қалды

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол үшінші айналымда әлемдік рейтингіде 66-орында тұрған неміс спортшысы Ева Лиске үш сетте – 3:6, 6:1, 4:6 есебімен жол берді.

Рыбакина кездесудің фавориті саналған еді.

Ол алғашқы айналымдарда америкалық Кэти Макнеллиді (№90) 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтқан еді.

Биыл Бейжіңдегі турнирдің жүлде қоры – шамамен 9 миллион доллар, ал жеңімпаз теннисші 1 миллион доллардан астам қаржы және 1000 ұпайды иеленеді.