Чернобыль атом электр станциясында төтенше жағдай жарияланды

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Ресейдің атқылауы салдарынан Чернобыль атом электр станциясы жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Украина энергетика министрлігінің мәліметінше, Ресейдің Киев облысындағы энергетикалық инфрақұрылымдарды атқылау салдарынан  Славутич қаласындағы «Чернобыль АЭС» жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланған.

«Чернобыль атом электр станциясында төтенше жағдай орын алды: электр кернеуінің ауытқуы салдарынан жаңа қауіпсіз саркофаг электр қуатынсыз қалды. Бұл құрылым жарылған төртінші энергоблокты оқшаулап, радиацияның таралуын болдырмауға арналған. Қазір станцияны электрэнергиясымен қайтадан қамтамасыз ету шаралары қолға алынған», – делінген министрлік мәлімдемесінде.