Назаровтың әрекетінен кейін мәжілістегі регламент өзгеруі мүмкін

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Депутат Ардақ Назаровтың парламент мінберінен жасаған күтпеген құттықтауы қоғамды әлі де дүрліктіріп жатыр, ал өзі әлеуметтік желілердің «жұлдызына» айналды. Ulysmedia.kz депутаттың лирикасы Мәжілісті жұмыс ережелерін қайта қарауға қалай итермелегенін анықтады. 

«Парламентте орынсыз»

Ulysmedia.kz-тің ресми сауалына мәжіліс жауап берді. Онда Назаровтың депутаттық сауалдың алдында айтқан жеке құттықтауы орынсыз деп бағаланған. Парламент регламентінде мұндай жағдайлар тура жазылмағанымен, енді мінберді жеке құттықтаулар үшін пайдалану мүмкіндігін шектеу үшін өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Негізі, депутаттың бір эмоционалды әрекеті заң шығару органының ережесін түзетуге себеп болды.

Назаров 

Жуырға дейін Ардақ Назаровтың есімі тек кейбір адамдарға таныс болатын. Алайда қыркүйектегі отырыста анасын құттықтап сөйлегеннен кейін ол сөз әлеуметтік желілерде кең тарап, ирониялы да, қолдаушы да пікірлер тудырды. Бірі бұл қадамды «адамгершілік» деп бағаласа, енді бірі «сәтсіз» деп санады. Өзі болса еш өкінетіндей емес. Керісінше, Назаров өзінің өмірбаянына қатысты қауесеттерге белсенді жауап беріп жүр. Әсіресе, Назарбаевтар әулетінің күзетшісі болып істегені және бір жылда екі диплом алғаны жайлы әңгімелерге тоқталды.

– Бұл сұраққа жүз рет жауап бердім. Бұл — жалған, – деді ол журналистерге.

«Тексерсе, тексере берсін»

Депутат өз білім алуына қатысты да түсініктеме берді. Оның айтуынша, дипломдарды бірінен соң бірін алған: 2009 жылы бакалавриатты, 2011 жылы экономика мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған әрі қатар заң факультетін де тәмамдаған. Ал жалған ақпарат таратқандарға қарсы сотқа жүгінесіз бе деген сұраққа Назаров:

– Жоқ, бармаймын. Басқаның ісіне араласқыштар араласа берсін, – деп жауап берді.

Ардақ Назаров — Мәжіліс депутаты, бұған дейін спортшы және қоғам қайраткері ретінде танылған. Енді Назаров жеке «жұлдыздығынан» бөлек, Мәжіліс регламентіне өзгерістер енгізілуіне түрткі болған адам ретінде парламент тарихында қалуы мүмкін.