Қазақстанда Мұғалімдер күні аталып өтіліп жатыр

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Бүгін, 5 қазанда Қазақстанда Мұғалімдер күні тойланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2023 жылдан бастап ұстаздардың кәсіби мерекесі ЮНЕСКО белгілеген Дүниежүзілік Мұғалімдер күнімен бір күнде атап өтіледі. Мұғалімдер күні Қазақстандағы ең құрметті кәсіби мерекелердің бірі саналады.

СТАТИСТИКА

Кейінгі мәліметтер бойынша, еліміздің білім беру жүйесінде шамамен 600 мың педагог еңбек етеді. Соның ішінде 400 мыңнан астамы мектептерде, ал 40 мыңнан көбі техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында жұмыс істейді.

Білім саласында әйелдер басым болғанымен, кейінгі жылдары ер мұғалімдердің үлесі айтарлықтай артқан. Сондай-ақ, 65 мыңнан астам ұстаздың еңбек өтілі 30 жылдан жоғары, бұл – қазақстандық білім жүйесіндегі тұрақтылық пен сабақтастықтың айқын көрінісі.