Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа «Шешен Республикасының Батыры» атағы берілді. Марапатты оған премьер-министр Магомед Даудов Грозный қаласында жаңа үкімет кешенінің ашылу салтанатында табыстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Қадыров бұл марапатты «мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін» алған. Магомед Даудовтың айтуынша, бұл шешім — Шешенстанның бірінші президенті Ахмат-Хаджи Қадыровтың командасының бастамасы болған.
Премьер-министр Қадыровты «Шешен халқының лайықты ұлы, өңірдің экономикасы, білімі, спорты мен мәдениетінің дамуына зор серпін берген тұлға» деп атады.
Контекст
5 тамыз күні Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров тағы бір құрметті лауазымға ие болғаны белгілі болды. Ол Газа халқына көмек көрсету жұмыстарын үйлестіруші (куратор) болып тағайындалған.