Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы иммунология туралы зерттеулерге берілді., деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Сыйлықты осы салада зерттеу жүргізген америкалық және жапониялық ғалымдар Мэри Брункоу, Фред Рэмсделл және Шимон Сакагучи алды.
Олардың зерттеуі перифериялық иммундық төзімділікке бағытталған.
«Олар ашқан жаңалық имммундық жүйенің қалай жұмыс істейтінін және де аутоиммундық ауруға неліктен барлығы бірдей шалдықпайтынын түсінуде маңызды рөл атқарды» деді Нобель комитетінің төрағасы Олле Кемпе.
1980 жылдары Сакагучи Т-лимфоциттердің кей түрі өзге иммундық жасушалардың белсендігін басып, тышқандарды аутоиммундық реакциядан қорғайтынын анықтаған.
Кейінірек АҚШ-та Брункоу мен Рамсделлдің зерттеулері бұл тұжырымды растап, осы жасушалардың қызме ету механизмін анықтаған және олардың перифериялық иммундық төзімділіктегі рөлін көрсеткен.
Ғалымдар ашқан жаңалық реттеуші Т-лимфоциттерге бағытталған заманауи иммунотерапияның негізін қалады. Бүгінде медицинадағы бұл бағыт белсенді түрде дамып, аутоиммундық ауруларға қарсы жаңа дәрі-дәрімек әзірлеуге және орган алмастыруда қабылдамау қатерін азайтуға көмектесіп жатыр.