Журналист Диас Нұрақын фейсбук парақшасында блогер Сабина Мовлаеваның видеосын жүктеп, астарлап сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“КӨШЕНІ ПРОБКА ҚЫЛМАЙ...”
Журналист Диас Нұрақын блогер Сабина Мовлаеваның видеосын жариялаған. Бейнежазбада блогер оқырман саны миллионға жетсе Мерседес Геллендваген автокөлігін алатынын айтқан.
“Жақында бастығым салоннан су жаңа көлік алды. Егер мен қазіргіден де жақсы әрі нәтижелі жұмыс істесем бастығым бұдан да қымбат көлік алады деген анекдот сияқты екен мына қыздың әңгімесі. Қысқасы парақшама көптеп жазылсаңдар, реклама көптеп келеді. Мен оған Гелик аламын. Ал, сендер великпен жүре беріңдер көшені пробка қылмай дейді” -деп жазды Диас Нұрақын.
БҰҒАН ДЕЙІН
Дұға сатамын деп жарнамалап көпшілік сынына қалған блогер тағы да ел назарына іліккенін хабарлаған едік.
"QosLike" жобасының бұрынғы қатысушысы Аякөз Аскарова желідегі парақшасында дұға сататынын айтып, жұрттың жағасын ұстатқан.
Ал танымал блогерлер Жанәбіловтер отбасына қатысты сот материалдары әзірге Қаржы мониторингі агенттігіне түскен жоқ. Бұл туралы ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәжіліс кулуарында айтқан.
Мемлекеттік кірістер комитеті үйінде ұтыс ойынын өткізіп, 1,5 млрд теңге жинаған және салық төлемеген блогер туралы ақпарат таратқан.