«Әкесі сатып алып берді»: блогердің күйеуі ұлттық құрамаға қалай жетті

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Қазақстан футбол құрамасының бапкерлер штабы Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы матчтарға арналған ойыншылар тізімін жариялады. Құрамда "Жетісу" командасының қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкеннің болуы біраз адамды таңғалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ДАУ: ҚАШКЕННІҢ ШАҚЫРТУЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Жанкүйерлердің біразы ішкі чемпионатта 11-орында тұрған клуб қорғаушысының ұлттық құрамаға шақырылуын түсінбей дал. Ал тіпті кейбірі Қашкен құрамадағы орынлы "сатып алған" деген болжамда. Тіпті ол ойларын желіге де жазған. 

"Блогерлерді құрамаға шақыра бастадық. "Жетісу" орталық қорғаушысы Қашкен, әйелі блогер. Жақсы футболшы болса бір жөн, бірақ орталық қорғаушы ретінде ештеңе көрсеткен жоқ. Командасы қауіпті аймақта (бірінші лигаға түсіп қалу қаупі бар), өзі бес сары қағаз алған, "Қайраттан" 5:0 жеңілген. Сонда құрамаға орынды сатып алуға бола ма? "Қайсардың" қорғаушылары бар ғой, соларды неге алмайды?"- деп жазды желі қолданушыларының бірі.

ҚАШКЕННІҢ ӘКЕСІНІҢ ЫҚПАЛЫ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР

Енді біреулер Қашкеннің құрамаға шақырылуын әкесінің ықпалымен байланыстырады. 

"Дінмұхаммед Қашкенді неге құрамаға шақырады? Басқа қорғаушы жоқ па? Егер ол қорғаушы болса, онда қорғаныс MEGA-ның есігі сияқты ашық болады."- деп ащы кекесінге салып жазғандар да бар.

Мұндай сарындағы пікірлер бірең-сараң емес. 

"Оның әкесі құрамаға шақырту алу үшін қанша ақша төледі? 1-лигада негізгі ойыншы болмаған, "Жетісуға" қалай түскені түсініксіз, онда да көбіне қосалқы құрамда отырады. Енді ұлттық құрамаға шақырылып, негізгі құрамда ойнауы мүмкін. P.S. Әкесінің ақшасы көп, ал Димаш – футболдағы "алтын бұзау", оны алға сүйреп жүрген – әкесі."

МАУСЫМДАҒЫ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ СОҢҒЫ МАТЧ

2025 жылғы маусымда Қашкен 12 ойын өткізген: 4 сары қағаз, 1 қызыл қағаз және 1 гол. Соңғы матчта "Жетісу" "Қайраттан" 0:5 есебімен жеңілді. Қашкен 90 минут бойы алаңда болды және екінші таймда сары қағаз алды.

ДІНМҰХАММЕД ҚАШКЕН

Дінмұхаммед Қашкен  "Атлетико Мадрид" академиясынан "Астанаға" ауысқан. Кейін "Ақтөбе", "Қайсар", "Шахтер" және Литваның "Жальгирис" клубтарында ойнаған.

2016 жылдан бастап U17–U21 жас санаттарындағы Қазақстан құрамаларына тұрақты шақырылып келді. Биыл алғаш рет негізгі құрамға енді.

Бір сұхбатында Қашкен спортты негізгі табыс көзі ретінде қарастырмайтынын айтқан. Ол бизнес серіктесімен бірге Қытай техникасын сатумен айналысқан.

ЖЕКЕ ӨМІРІ ЖӘНЕ ӘКЕСІ ТУРАЛЫ

Қашкен танымал блогер Мерей Әбіловаға үйленген. Өткен жылы ерлі-зайыптылардың баласы дүниеге келді.

Оның әкесі – Болат Бақтаев, Республикалық шинкиокушинкай каратэ федерациясының басшысы.