Бензинге су араластырып сатып жатыр ма - сарапшы пікірі

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Мұнай саласының сарапшысы Асылбек Жәкиев Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерін бақылауды күшейтуге шақырды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz

Ол мұнай өңдеу зауыттарындағы ішкі бақылауды арттыруды, сондай-ақ өңірлік департаменттер мен комитеттердің жұмысын жандандырып, жанармай құю бекеттері мен мұнай базаларын тұрақты тексеріп отыру қажеттігін айтты. Әйтпесе, қазақстандықтар сапасыз жанармаймен көлік жүргізуді жалғастыра береді.

Қазіргі таңда Сауда және интеграция министрлігінің дерегіне сәйкес, алынған әр төртінші сынама сапа талаптарына сай келмейді.

– Жанармай сапасы мұнай өңдеу зауытынан соңғы тұтынушыға жеткенге дейін нашарлайды. Қазақстанда үш ірі мұнай өңдеу зауыты бар, олар жаңғыртудан өткен. Бұл АИ-95 маркалы бензиннің Еуропалық К4 және К5 стандарттарына сай екенін білдіреді. Алайда, өкінішке қарай, делдал компаниялар, оның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері жанармайды сумен және басқа заттармен араластырып, сапасыз өнімді нарыққа шығарып жатыр, – дейді сарапшы Асылбек Жәкиев.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ресейдегі дрон шабуылдары мен мұнай өңдеу зауыттарының (МӨЗ) тоқтауы салдарынан туындаған жанармай дағдарысы Қазақстанға да әсер етуі мүмкін екенін жазған едік. Мұнай өндіру саласының сарапшысы Олжас Байдильдиновтың айтуынша, келесі жылы елде бензин тапшылығы болуы ықтимал деп болжаған.

Мысалы, Ресейде АИ-95 маркалы бензиннің литрі шамамен 80 рубль, яғни 500 теңге тұрады. Ал Қазақстанда оның бағасы 270–280 теңге аралығында. Мұндай екі есеге жуық айырмашылық «сұр схемалар» арқылы отынның сыртқа кетуіне түрткі болып отыр.