Экс-президент дүниеден өтті

Ulysmedia

Грекияның экс-президенті Христос Сартзетакис 92 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Фото: ашық дереккөзден

Христос Сартзетакис Грекияны 1985-1990 жылдар аралығында басқарған.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап экс-президент тыныс жетіспеушілігіне байланысты ауруханада жатқан.

Айта кетейік, Сартзетакис 1963 жылы билік өкілдерінің қатысы болған депутат Григорис Ламбракистің өлімін тергеуге қатысып, танымалдығы арта түскен. Ол саяси қысым көрсетілгеніне қарамастан тергеу жүргізген.

Одан бөлек, Сартзетакистің 1967-1974 жылдары қудалауға ұшырап, екі рет қамауға алынғаны белгілі.