АҚШ-та «Вагнер» құрамында болған Қазақстан азаматы сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алматы соты «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының қазақстандық бұрынғы жалдамалысы Тимур Пралиевті бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
БҰҒАН ДЕЙІН
Американың шекара қызметі Мексика жағынан Рио Гранд өзені арқылы Техасқа қарай заңсыз өтпек болған ЧВК "Вагнердің" бұрынғы жалдамалысы Тимур Пралиевті ұстады. Оқиға 2024 жылғы желтоқсанның ортасында болған деп жазды Америка ақпарат құралдары.
Пралиев ұсталғаннан кейін Қазақстан азаматы екенін айтқан, алайда оның қазақстандық төлқұжаттан бөлек, ресейлік паспорты да болған. Шекарашылар одан 4 мың доллар, 60 мың мексикалық песо және дрон тапқан.
Жауап алу кезінде Пралиев ЧВК "Вагнер" құрамында соғысқанын мойындаған. Пралиевке шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылған. Ол тағылған айыпты мойындаған. Пралиев әзірге федералдық түрмеде, оның әрі қарайғы тағдыры белгісіз.