Қазақ журналисін АҚШ полициясы ұстап алды

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Журналист Жалғас Сәдібекұлы өзін АҚШ полициясы ұстап алғанын жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚАРАДОМАЛАҚ ҰСТАП АЛДЫ”

Жалғас Сәдібекұлы АҚШ- та тұрып жатқан қазақ журналисі. Ол баласына ингаляция істейтін құрылғы іздеп шыққанда жылдамдықты байқамай асырып жібергесін полиция өзін тоқтатқанын жазады. 

“Мына томпиған қарадомалақ мені жылдамдықпен ұстап алды. Осылайша ақшта жүрген төрт жылда алғаш рет полицейдің қолына түстік. Мұхаммед (ред. автордың ұлы) түнімен жөтеліп шыққан соң таң бозара ингаляция істейтін құрылғы іздеп шарқ ұрып дәріхана, супермаркеттерді аралап таппай жүргем. Ізімнен қуып жетіп тоқтатты. “35 милмен жүретін жерден 62мен өттің” дейді. Суретін де көрсетті. Қалтада жүргізуші куәлігінен басқа құжат жоқ. Тіркеу құжаты да, сақтандыру да үйде қалған. Бірақ, базадан қарап өзі тауып алды” – деп жазды журналист.

ЖУРНАЛИСТІҢ АҚТАЛУЫ

Журналист қарап тұрмай өзінің жайын айтып полиция қызметкерінің жүрегін жібітуге тырысқан. 

““Баламды уайымдағаннан жылдамдықты асырып жібергенімді байқамай қалдым”-деп ақталдым. Негізі мен тұратын штатта жолдағы жылдамдық шегінен 20 миль/сағ асса “reckless driving” яғни, “жауапсыз көлік жүргізу”, “ережені өрескел бұзу” болып саналады. Мұдай айып тағылса, кемі 250$ айыппұл және минус 6 point (ұпай) беріледі. Әрі ол жүргізуші куәлігінде 11 жыл бойы сақталады. Обалы нешік. Полиция жағдайды түсінген болуы керек 30$ айыппұл жазып берді. Әрі “жауапсыз көлік жүргізді” деген айып болмайды, “ешқандай point қосылмайды”/ деп сендірді. Егер мұндай ұпай қосылса сақтандыру құны еселеп өседі. “Мұнымен келіспесең сотқа барсаң болады”- деді.”- дейді Жалғас Сәдібекұлы.

Содан Жалғас АҚШ-та бірнеше жылдан бері тұрып жатқан қазақстандық азаматтарға хабарласып мән-жайды біледі. Олар сотқа баруға кеңес береді. 

“Олар “почти екі есе жылдамдықпен түскенсің. Полицейлер кейде ештеңке болмайды деп айта салады. Шын мәнінде мынадай жылдамдықпен“жауапсыз көлік жүргізді” деген мәлімет атыңа жазылып кетеді. Сондықтан сотқа бар, айыппұлын төлесең де жағдайыңды айтып reckless driving деген сөзді жаздыртпа” деп қорқытты. Сотқа баруға шешім қабылдадым.Бірақ, сот күтпеген шешім шығарып, мені мүлдем шок қылды. Өте қызық процесс болды”- дейді Сәдібекұлы.

Соттың нақты қандай шешім шығарғанын келесі жазбасында айтып беруге уәде етті журналист.