Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар жазасын қайда өтеп жатыр?

Динара Жарқынбек
Коллаж: Ұлысмедиа

Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс қоғам назарында болған резонансты істердің бірі. Осы оқиға бойынша сот үкімі шыққаннан кейін, жазасын өтеушілердің қайда және қандай жағдайда отырғаны белгілі болды. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚАЖК төрағасы Абай Қайырбековтің айтуынша, Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотталған 7–8 адам қазір заңға сәйкес орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Олар жалпы жағдайларда, яғни өзге сотталғандармен бірдей шарттарда ұсталады. Қайырбековтің сөзінше, әзірге олар еңбекке тартылмаған, өйткені алдымен қолөнер және кәсіби дағдыларын тексеру мен оқыту жұмыстары жүргізіледі. Кейін олар моральдық зиянды өтеу үшін еңбекке тартылады.

Бұған дейін журналистер әлеуметтік желілерде күдіктілердің туған күнін атап өткені туралы видео тарап, бұл жағдай дәл осы іске қатысы бар адамдар болуы мүмкін деген болжам айтылды.
Абай Қайырбеков бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп:

- Ондайға жол берілмейді. Бұл факт уақытша ұстау изоляторында болған. Ал жазасын өтеп жатқан мекемелерде мұндайға жол жоқ, барлығы бейнебақылауда,— деді.

Оның айтуынша, бұл жағдайға жол берген полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылған.