«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес Қазақстанның 15 облысында 14 қазанға арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл көлдерінің маңында екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың орталығында 3 градусқа дейін үсік жүреді, ал Талдықорғанда түнде 1–3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысында күндіз солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Өңірдің солтүстігі мен орталығында өрттің өте жоғары қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да желдің екпіні 15–20 м/с болып, өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Ақтөбе облысының батысында және оңтүстігінде күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде, орталығында және шығысында өрттің жоғары қаупі, ал батысы мен солтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде өрттің өте жоғары қаупі, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, шығысында екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде таулы жерлерде 1 градус үсік жүреді. Тараз қаласында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Маңғыстау облысында күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Өңір бойынша өрттің жоғары қаупі сақталады. Ақтау қаласында да желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады. Ал оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында өрттің өте жоғары қаупі сақталады. Орал қаласында түнде қатты жаңбыр күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстік-батысында өрттің жоғары қаупі сақталады.
Қарағанды облысында түнде және таңертең шығысында тұман түседі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде өрттің өте жоғары, ал шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысында күндіз солтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Өңір бойынша өрттің өте жоғары қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Абай облысында түнде және таңертең батысында және орталығында тұман күтіледі. Оңтүстігінде өрттің жоғары қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Оңтүстік-батысында өрттің жоғары қаупі сақталады.