Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Сырым Қаржас
centralasia.media

Қытайда Ван Бо есімді шенеунік пара алу бабы бойынша өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Тергеу дерегінше, 2003 жылдың алғашқы жартысынан бастап 2024 жылдың мамырына дейін айыпталушы өз қызметтік өкілетін пайдаланып, жалпы сомасы 449 млн юань (шамамен 58,5 млн доллар) көлемінде пара алған.

HK01 басылымының жазуынша, сот өлім жазасын екі жылға шегерген, себебі Ван Бо өз кінәсін толық мойындаған. 

НАУҚАН

Соңғы жылдары Қытайда жаппай сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан жүріп жатыр. Соның нәтижесінде көптеген жоғары лауазымды шенеуніктер қызметінен босатылып, ұзақ мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

ҚЫРҒЫЗСТАН

Еске салайық, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде өлім жазасын қайтадан енгізуді ұсынған болатын. Қазіргі уақытта заң жобасы талқылауға түскен.