Қазақстанда орыс мектептері мұғалімдерінің қауымдастығы өз қызметін тоқтатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ұйым төрайымы Наталья Вдовинаның айтуынша, қауымдастықтың жабылуы – ауқымды үдерістің көрінісі. Қазақстандағы орыс тілінде білім беретін мектептер желісі біртіндеп азайып келеді. Бұл жағдай жүйелі кадр тапшылығы мен демографиялық өзгерістердің әсерінен туындаған.
– Қазақстандағы орыс тілінде оқытатын мектептер желісі біртіндеп тарылып келеді. Бұл үдеріс әкімшілік тыйымдар арқылы емес, демографиямен, көші-қон процестерімен және қазақ тілін нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатпен реттеліп отыр. Бұл жағдай орыстілді халықтың тілдік құқықтарын сақтау мен мемлекеттік тілді дамыту мақсаттарының арасындағы тепе-теңдікті сақтауды талап етеді, – деді ол russkiymir.ru сайтына берген сұқбатында.
КОНТЕКСТ
Ресми статистикаға сәйкес, елдегі орыс мектептерінің саны 2020/2021 оқу жылындағы 1160-тан 2024/2025 оқу жылында 970-ке дейін азайған. Осылайша соңғы бес жылда 190 мектеп жабылған.