Бұрынғы ұлттық экономика министрі Ақордада қызметке тағайындалды

Сырым Қаржас
Коллаж: ulysmedia.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде тағайындаулар жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президенттің өкімімен Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар, Жандос Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 2024 жылғы желтоқсан айында Нұрлан Байбазаров вице-премьер – ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылған еді. Ол бұл қызметті 2024 жылғы ақпаннан бастап атқарған. Бұдан бұрын Байбазаров «Бәйтерек» ұлттық холдингіне басшылық жасаған.