Республика күніне орай кейбір астаналықтар ақшалай төлем алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әкімдік мәліметінше, Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10 VIII шешімімен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қолданыстағы қағидасына сәйкес әлеуметтік осал топ санаттарына жататын азаматтарға жылына тек бір рет бір негіздемемен ең көп сома бойынша тиісті мерекелік күнге ақшалай төлемдер көрсетіледі.
АҚША КӨЛЕМІ
25 қазан Республика күніне орай (ағымдағы жылғы 25 қазан жағдайы бойынша) Астана қаласының атаулы әлеуметтік көмек алушыларына (бұдан әрі АӘК) 4,5 АЕК (17 694 теңге) мөлшерінде төлемдер ұсынылады.
Тізімдер Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен биыл 25 қазанға дейін АӘК көмек алушылардың өтінімдері негізінде жасалады.
ДЕМАЛЫС
Еске салайық, қазан айында қазақстандықтарға Республика күніне байланысты қосымша демалыс күні беріледі.