Қытайлықтар Қазақстанда ЖЭО салмақ

Сырым Қаржас
wattsupwiththat.com

Қытайлық инвесторлар Қазақстанда ЖЭО салмақ. Жобаны қаржыландыруды Қытай тарапы өз мойнына алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Батыс Қазақстан облысының делегациясы Бейжің мен Нанкин қалаларында іссапарда болды. Сапар қорытындысы бойынша өнеркәсіп, «жасыл» энергетика, медицина, білім беру, сауда және логистика салаларында жалпы құны 134 миллиард теңге болатын 14 меморандумға қол қойылды.

ЖЭО

Негізгі жоба — Орал қаласында жаңа жылу электр орталығын (ЖЭО) салу болмақ. Бұл жобаны қытайлық инвесторлар қаржыландырады. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, мамандар зерттеу жұмыстарын бастап кеткен. Ал келісімнің мерзімі мен шарттары әзірге жарияланған жоқ.