Қазақстанда алкоголь өнімдерінің сатылуына шектеу қою бастамасын сенат депутаты Марат Қожаев қолдады. Бұл туралы ол ішкі істер министрлігінің ұсынысына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жауапты кәсіпкерлерге бұл үлкен соққы болмайды»
Марат Қожаевтың айтуынша, адал кәсіпкерлер үшін алкоголь саудасын қатаңдату айтарлықтай салдарға әкелмейді. Керісінше, ол ел экономикасына еркін алкоголь айналымының қаншалықты зиян келтіріп жатқанын есептеу қажет деп санайды.
- Жыл сайын мас күйінде жасалған жол апаттарынан жүздеген адам көз жұмады. Олардың отбасыларына кім көмек береді? Жұмыс берушілер білікті қызметкерлерін жоғалтады, жол инфрақұрылымы бұзылады, көліктер зақымдалады. Барлық әлеуметтік-экономикалық салдарды сараптай келе, тепе-теңдік, ең ықтимал, алкоголь сатуға толық тыйым салу жағына қарай ауысуы мүмкін, – деді сенатор.
Қожаев мысал ретінде алкогольден толық бас тартқан 500 елді мекенді атады. Оның айтуынша, мұндай ауылдарда құқықбұзушылық азайып, экономикалық белсенділік бәсеңдеген жоқ.
- Мұндай елді мекендерде уақыт өте келе адамдардың денсаулығы жақсарады. Біз адам денсаулығын қалпына келтіруге орасан көп қаражат жұмсаймыз. Ал еңбек өнімділігі туралы айтпағанның өзінде, ішімдік ішкеннен кейін жұмысқа келсең, жарты күн бойы өз-өзіңе келе алмайсың. Сондықтан экономикалық тиімділік бизнес шығынынан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін, – деп атап өтті ол.
Контекст
Бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов алкоголь өнімдерін тек арнайы дүкендерде сату, лицензия беру тәртібін қатаңдату және спирттік ішімдіктердің онлайн саудасын толық тыйым салу жөнінде ұсыныс жасаған болатын.