Қостанайда полицейлер заң бұзғандарды жасанды интеллект элементтері бар камералармен анықтай бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Полиция қызметкерлері оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін интеллектуалды бейнеаналитика жүйесімен жұмыс істей бастаған. Бүгінде Қарағанды қаласында жасанды интеллект элементтері бар 60 камера жұмыс істейді.
КАМЕРАЛАР ҚАЙДА ОРНАЛАСҚАН?
Олар адамдар көп жиналатын орындарға – аялдамаларға, "Сарыарқа" әуежайына және теміржол вокзалдарына орнатылған. Жүйе азаматтардың жүзін танып, агрессивті мінез-құлықты, адамдардың шамадан тыс жиналуын және өзге де күмәнді жағдайларды автоматты түрде тіркейді. Қажет болған сәтте камералар жедел қызметтерге бірден дабыл жібереді.
- Жыл басынан бері бейнеаналитика жүйесінің көмегімен 49 құқық бұзушы анықталып, ұсталды, - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.
ҰСТАЛҒАНДАР
Мәселен, вокзал аумағындағы камера пробациялық бақылауда жүрген және сот шешіміне қарамастан Павлодар облысынан кетіп қалған ер адамды анықтаған. Ал өзге жағдайда – алимент төлеуден жалтарып жүрген Қостанай облысының тұрғыны ұсталды. Полиция департаментінің мәліметінше,, жасанды интеллект элементтері бар технологияларды пайдалану профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттырып, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін күшейтті.