«Қазгидромет» РМК 17 қазан күні Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 14 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде -1…-6°С үсік болады. Алматы мен Қонаев қалаларында топырақ бетінде -1…-3°С үсік күтіледі.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан соғатын жел таулы асуларда күндіз 15–20 м/с дейін күшейеді. Өңірде, сондай-ақ Шымкент пен Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі жарияланды.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-шығысында – жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15–18 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында солтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары, батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысы мен шығысында 15–20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарында 15–20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде төтенше, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі, шығысы мен Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында және Петропавл қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с, ал күндіз 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с дейін күшейеді. Түнде -4…-9°С үсік болады. Талдықорған қаласында түнгі үсік -6…-8°С дейін жетеді.
Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз батысында 15–20 м/с болады. Облыстың солтүстігі, орталығы және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту:
Барлық өңір тұрғындарына ауа райының күрт өзгеруіне дайын болу және қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.