Қарағандыдағы атышулы іс – шешуші сәтке таяды. Бүгін Қазыбек би ауданының прокуроры Фарида Сәдуова сотта мемлекеттік айыптауды қолдап, Алика Мұхамадиеваны кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Ulysmeda.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Прокурордың айтуынша, Мұхамадиева әрекеті ауыр санаттағы және қасақана жасалған қылмыс болып саналады.
- ҚР Қылмыстық кодексінің 11-бабына сәйкес, бұл іс — ауыр және қасақана жасалған қылмыс. Ол қоғам мен адамзат қауіпсіздігіне қарсы бағытталған құқықбұзушылық. ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша ең жоғарғы жаза — 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Осы мән-жайларды ескере отырып, 2002 жылғы 21 тамызда туған Мұхамадиева Алика кінәлі деп танылсын және оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін, - деді прокурор Фарида Сәдуова.
ЖАЗАНЫ КЕЙІН ӨТЕУІ МҮМКІН
Сонымен қатар ол айыпталушының 2023 жылы туған сәбиі барын ескеріп, жазаны кейінге қалдыруды сұрады.
- Бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді 4 жылға шегеру, бірақ оның баласы 14 жасқа толғанға дейін ғана мүмкіндік беру ұсынылады.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, жаз айларында Мұхамадиеваның Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары қоғамда үлкен дау тудырған еді. Пайдаланушылардың шағымынан кейін полиция тексеріс бастап, 2025 жылдың шілдесінде Мұхамадиева қамауға алынған.