Антикордың экс-басшысы бас прокурордың орынбасары болды

Сырым Қаржас
gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурордың орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы 2025 жылғы 18 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысының өкімімен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген құжатта.

Асхат Жұмағали – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы.

Ол 1979 жылғы 19 тамызда Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.