АҚШ Украинаға Tomahawk зымырандарын бермейді – БАҚ

Сырым Қаржас
Tierney L. Cross/The New York Times

АҚШ президенті Дональд Трамп Киевке Tomahawk алыс қашықтықтағы қанатты зымырандарын жеткізуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kzAxios агенттігіне сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Вашингтонда Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің кездесуі өтті. Украина президенті бұл кездесуден соң зымыран жеткізуге рұқсат алуға ниеттенген, алайда келіссөздер ешқандай нәтижесіз аяқталды.

АҚШ президенті басты басымдық – дипломатиялық шешім табу және соғысты тоқтату жолдарын іздеу екенін айтып, мұндай қару беру керісінше шиеленісті күшейтуі мүмкін екенін айтты.

– Біз Трамппен Tomahawk туралы жария түрде айтпауға келістік. АҚШ жағдайдың ушығуын қаламайды, – деді Владимир Зеленский кездесу соңында.

Ол әлі де зымырандардан үміті бар екенін, бірақ жағдайды «реалистік тұрғыдан» бағалап отырғанын айтты.

Келіссөз барысында территориялық шекаралар мәселесі де талқыланған. Зеленский Трамптың оқ атуды тоқтату және екі тараптың қазіргі позициясын сақтап қалу туралы ұсынысына келіскен.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамптың алдағы апталарда Ресей президенті Владимир Путинмен Венгрияда кездесуі жоспарланып отырғаны хабарланған. Кездесу барысында бейбіт келісім жоспары талқылануы мүмкін.