Ауғанстан мен Пәкістан шекарада бір аптадан астам уақытқа созылған қақтығыстардан кейін, ондаған адам қаза тауып, жүздегені жараланған соң, дереу атысты тоқтату туралы уағдаласты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қатар сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тетіктерін құруға да келісті. Сондай-ақ алдағы күндері қол жеткізілген келісімдердің орындалуын талқылау үшін қосымша келіссөздер өтпек.
КОНТЕКСТ
Айта кетейік, келіссөздер Қатар мен Түркияның арағайындығымен өтті. Екі ел арасындағы қарулы шиеленіс қазан айының басында ушығып, Исламабад пен Кабул бірін-бірі шекара бұзды және агрессия жасады деп айыптаған еді.
Пәкістан тарапы Ауғанстан экстремистерге пана беріп, олар ел аумағында шабуылдар жасап жатыр деп мәлімдеді. Ал Ауғанстан билігі бұл айыптауларды жоққа шығарып, содырлардың әрекеттеріне қатысы жоқ екенін айтты.