20 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК 20 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде ауа температурасы –5 °C дейін төмендеп, күндіз +8…+10 °C шамасында болады.

Алматыда да ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, бірақ түнде жаңбыр мен тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан, 3-8 м/с. Түнгі температура +4…+6 °C, күндіз шамамен +16 °C.

Шымкентте бұлтты, кейде ашық болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, 8-13 м/с. Түнде ауа температурасы +3…+5 °C, күндіз +23 °C дейін көтеріледі.